ТҮРКІСТАН: Келесте тері илейтін зауыт салынады

0
346

Бұл жайында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев брифингте мәлімдеді.


ТҮРКІСТАН: Келесте тері илейтін зауыт салынады

Келес ауданында биыл тері илейтін зауыттың құрылысы басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында 2023 жылы жалпы құны 31,4 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба іске асырылған. Нәтижесінде 1 063 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл жайында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев брифингте мәлімдеді.


«Ауданда индустриалды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылым жүйелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған аймаққа «Giga Group» ЖШС-і жалпы құны 450 млн.теңгені құрайтын асфальтбетон зауытын салуды жоспарлауда. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының «PENG SHENG» компаниясы қызығушылық танытып, 50 гектар жерге жалпы құны 50 млрд.теңгені құрайтын 4 зауыт құрылысын жүргізбек. Олардың қатарында тері илейтін зауыт, желатин өндіретін зауыт, тамшылатып суарудың құрылғыларын өндіретін зауыт және мақта зауыты бар»,- деді Жәнібек Есенұлы.


Сонымен қатар, аудан әкімі Келестегі жалпы өңірлік өнім көлемі 118 млрд. теңгеге жеткенін айтты. Оның ішінде ауылшаруашылығының үлесі 65,5%-ды құраған. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесте 2023 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 12 880 бірлік болып, 17 525 адам жұмыспен қамтылған.