ТҮРКІСТАН: Келестік азамат тігіншілікпен табыс тауып жатыр

0
1 826

Құрақ құрап, киім және ат жабыдықтарын тігумен айналысуда.


ТҮРКІСТАН: Келестік азамат тігіншілікпен табыс тауып жатыр

Келестік Әбдіжаппар Махмұтбеков тігіншілікті жанына серік еткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының Бозай ауылында тұратын Әбдіжаппар Махмұтбеков тігіншілікті жанына серік еткен. Ол жастайынан сурет салуға қызығып, кейіннен дизайнер болуды армандаған. ІІІ топ мүгедектігі бар Әбдіжаппар Мұзапбарұлы Шымкент қаласында №5 колледжде тігінші мамандығы бойынша білім алып, бүгінде құрақ құрап, киім және ат жабыдықтарын тігумен айналысуда.


«Баламыз жастайынан зерек, сызба сызуға құмар болып өсті. Нәресте уақытында сырқаттанып, ерекше балалардың қатарына қосылды. Сонда да өз қызығушылығының арқасында бүгінде қолы гүл қолөнер шебері атанып отыр. Кәсібін киім тігіп бастады. Кейін көрпешелерге арналған құрақ құрап, түрлі пластик бөтелкелерден көркем гүлдер істеп, балабақшаларға таратты», – деді Әбдіжаппардың анасы Жұлдыз Әдеева.


Махмұтбековтер әулетінде арғы аталары суретші болған екен. Анасының пайымдауынша баласына қасиет сол аталарынан қонған екен. Әбдіжаппар Махмұтбеков мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, тігін машинасын сатып алыпты.


Алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, ауыл жастарын қолөнер саласына тәрбиелеуді жоспарлап отыр. «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты бойынша 2,5 пайызбен несие алуға ниетті. Жергілікті атқарушы орган өкілдері қажетті сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде.