ТҮРКІСТАН: Келестік кәсіпкерлер 32,6 млрд. теңгенің өнімін өндірген

0
272

2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Келестік кәсіпкерлер 32,6 млрд. теңгенің өнімін өндірген

Келесте шағын және орта бизнес өкілдері 32,6 млрд теңгенің өнімін өндірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру, аймаққа инвестиция тарту тапсырмасын жүктеген болатын. Облыс басшысының бастамасымен Түркістан облысының оңтүстік аудандарының басшылары облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, тәжірибе алмасу, халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында Қытай еліне іссапарға барған болатын.


Нәтижесінде биыл Келес ауданында қосымша 2,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Сонымен қатар, олардың саны соңғы үш жылда 31,6 пайызға өсіп, олармен өндірілген өнім көлемі 32,6 млрд. теңгеге жетті. Осы орайда аудан бюджетінің өзіндік кірістері артып келеді.