ТҮРКІСТАН: Келестік оқушы өзбек киносының басты рөлін сомдап жатыр

0
680

Түркістан облысы бойынша кастинг жарияланып, 1 500 бала қатысқан.


ТҮРКІСТАН: Келестік оқушы өзбек киносының басты рөлін сомдап жатыр

Келестік оқушы өзбекстандық киноның басты рөлінде ойнауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан №3 Ә.Молдағұлова мектебінің 5 сынып оқушысы Ұлығбек Шахжохан Исламбекұлы Өзбекстан Республикасының «Aqlvoy» телеарнасының тапсырысымен түсіріліп жатқан әмбебап балалар фильмінде басты рөлді сомдап жатыр.


2021 жылы аталған фильмге Түркістан облысы бойынша кастинг жарияланып, 1 500 бала қатысқан. Солардың ішінен өзінің зеректігімен, екі тілді емін–еркін сөйлеуімен бірінші орынды алған Шахжохан Исламбекұлы фильмнің бірінші маусымына түсті. Сол жылдың тамыз айында екніші маусымға түсті. Биыл фильмің үшінші маусымы түсіріліп, Шахжохан басты рөлде ойнады. Фильмдегі оқиғалар желісі жас балаларға танымдық, тәрбилік және сұрақ-жауап арқылы білімін шыңдауға негізделеді.


Түсірілім Алматы қаласында өтіп, Өзбекстан Республикасының «Aqlvoy» телеарнасының тапсырысымен «ҚазақФильм» киностудиясы түсірді. Айта кетейік, оқушы шығармашылық саласына сабақ уақытытан тыс кезде, яғни тоқсан аралық демалыс уақытында қатысып жатыр.