ТҮРКІСТАН: Кентауда дауылдан ағаштар құлап, нысандардың шатыры ұшты

0
505

Балаларды балабақшаға қабылдамау жөнінде нұсқаулық берілді.


ТҮРКІСТАН: Кентауда дауылдан ағаштар құлап, нысандардың шатыры ұшты

Кентау қаласында нөсер жауын мен дауылды желдің салдарынан орын алған жағдайды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қала әкімі Рашид Аюпов ауа-райынның әсерінен тосыннан болған төтенше жағдай бойынша шұғыл жиналыс өткізді. Қалада орын алған жағдайларды қалыпқа келтіру бойынша таңға дейін реттеуді тапсырды. Қалалық полиция және төтенше жағдайлар бөлімі, қала әкімдігі аппаратына қарасты дербес бөлімдер қаладағы құлаған талдармен ұшқан шатырлардан тазартуда.


Атап айтқанда қалада 5 бағана электр бағаналарының зақымдануынан тұрғындардың 10 пайызында жарық сөнген. Сондай-ақ, 1 мектеп пен 1 бала бақшаның шатырына зақым келтірілген. Осыған орай қаладағы «Жұлдыз» бала-бақшасының шатырын қалыпқа келтіргенше, балаларды балабақшаға қабылдамау жөнінде нұсқаулық берілді. №24-ті мектептің де шатырының құлауына байланысты балаларды оқыту, оқытылмау бойынша қосымша ақпарат беріледі.


Сонымен қатар, 4 қала тұрғынының көлігіне зақым тиіп, 2 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры құлаған. Жарнама шиттерге және полиция ғимаратына зақым тиген. Қалада бірнеше талдар құлаған.


Қала әкімі аталған жайттарды қалпына келтіру бойынша шығындарын есептеуді, қауіп тудыруы мүмкін аймақтарды анықтауды шұғыл тапсырды.


Қалада нөсер жауын мен дауылды желден зардап шеккендер болса, қала әкімдігінің 109 немесе 8 775 344 86 85 нөміріне хабарласуына болады.