ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңа спорттық кешен салынады

0
559

Қала аумағында 53 спорттық нысан жұмыс істеп тұр.


ТҮРКІСТАН: Кентауда жаңа спорттық кешен салынады

Кентауда 250 орындық спорт кешені бой көтереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентауда 250 орындық спорт кешені бой көтереді. Биыл кешен құрылыс мен «Динамо» стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстарына жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.


Қазіргі таңда қала аумағында 53 спорттық нысан жұмыс істейді. Былтыр Хантағы ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында екі спорт залы ашылған болатын.


Айта кетерлігі, кентаулық спортшылар халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан жиі көрініп келеді. Мәселен, 2021 жылы – 24 спортшы жеңімпаз атанса, 2022 жылы – 84, ал 2023 жылдың 6 айында – 67 спортшы түрлі дүбірлі додаларда жеңіске жеткен.