ТҮРКІСТАН: Кентауда жерасты суын пайдалану мәселесі шешілді

0
701

Жер асты суларын төмендету жүйесін салу жобасы қолға алынған.


ТҮРКІСТАН: Кентауда жерасты суын пайдалану мәселесі шешілді

Кентау қаласының жер асты суларын тиімді пайдалану мәселесі шешімін тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кенді шаһарда жылдар бойы жер асты суы көтеріліп, сол себепті қаланың кейбір аймақтарының жері төмен түсіп, ойық жерлер пайда болуда. Бұлай жалғаса беретін болса, апатты жағдайға әкелуі мүмкін екені аян. Осы орайда Кентау қаласында жер асты суларын төмендету жүйесін салу жобасы қолға алынған. Тартылған су «Қосқорған» су қоймасына құйылады. Түркістан өңіріне қосымша 70 млн.м3 дейiнгi ағын су жеткізілетін болады. Бірегей жобаның барысын бақылау үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласында жоба жетекшілерімен кездесті.

Бұрынғы шахтаға түсетін ғимараттың ішіне бірнеше сусорғыш орнатып, Кеншілер саябағында орналасқан бетонды арыққа құю арқылы қала ішімен алып өтуді қарастырылуда. Жоба жүзеге асқан жағдайда, Алматыдағы "Весновка" өзені іспеттес, Кентау көшелерінен де мөлдір таза су ағып өтетін болады. Сонда Кентау өзінің жасыл желекті келбетін сақтайды, әрі тұрғындарға жайлы орта қалыптасады.