ТҮРКІСТАН: Кентаудағы тұрғынүйлердің ауласы ойын алаңшаларымен қамтылады

0
2 737

Кентау қаласында спорт және балалар ойын алаңшасының құрылысы қарқын алмақ.


ТҮРКІСТАН: Кентаудағы тұрғынүйлердің ауласы ойын алаңшаларымен қамтылады

Кентауда көпқабатты үйлердің ауласы ойын алаңшаларымен толық қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау Түркістанмен қатар дамиды деген болатын. Бүгінде бұл бағытта алғышарттар жасалып, жұмыстар жүйелене түсті. Алдағы уақытта бұқаралық спортты дамыта отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру ісін жүзеге асыру мақсатында Кентау қаласында спорт және балалар ойын алаңшасының құрылысы қарқын алмақ.


Бүгін бұл жоспар жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясында 17 мәселенің бірі ретінде арнайы қаралды. Сессияда Кентау қаласының 33 көпқабатты тұрғын үйлерінің аулаларына замануи балалар ойын алаңшасын орнату мәселесі қаралып, депутаттардан қолдау тапты. Енді кенді шаһардың барлық аулалары ойын алаңшаларымен қамтылатын болды. Бүгінгі таңға дейін 7 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына алаңшалар салынып, балалар қуанышқа кенеліп жатыр. Жалпы 2022 жылға дейін қаладағы барлық аулаға жаңа спорт және балалар ойын алаңшасын салу көзделген. Ойын алаңшаларымен қатар ауланы абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі. Көпқабатты үйлердің маңы асфальтанып, көлік қоятын тұрақтары да іске қосылмақ.


Сондай-ақ, тұрғындардың еркін демалуы үшін бастырма (беседка), жаңа орындықтар мен спортпен шұғылдану құрал-жабдықтары қоса орнатылады.