ТҮРКІСТАН: Кентаудағы жаппай сенбілікке 1500 адам қатысты

0
291

Жаппай жүргізілген тазалық науқанында 10 техника жұмылдырылып, 130 тоннадай қоқыс полигонға шығарылды.


ТҮРКІСТАН: Кентаудағы жаппай сенбілікке 1500 адам қатысты

Кентау қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілікке шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Тазалық науқаны «Киелі мекен» тақырыбы аясында тарихи жерлерді тазалаудан басталып, қала тазалығын қалыпқа кетіруге ұласты.


Қаладағы сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, мекеме қызметкерлері, қала жастары, білім саласының қызметкерлерінен құралған 1500 адам қала тазалығына атсалысты.


Сенбілікке қатысқан қала басшысы Жандос Тасов барлық қызметкерлерге тазалыққа үлес қосқан еңбектеріне алғыс білдірді. Қалалық маслихат депутаттары қала тұрғындарын қала тазалығына атсалысуға шақырды.


Олар қала көшелері мен аллеяларды, саябақтардағы арық-атыздарды қоқыстардан тазартып, шөптерді қырқып, талдарды қалыпқа келтіру шараларын атқарды. Одан бөлек, жол жиектеріне жиналған түрлі тұрмыстық қалдықтар алынып, ретке келтірілді.


Жаппай жүргізілген тазалық науқанында 10 техника жұмылдырылып, 130 тоннадай қоқыс полигонға шығарылды.