ТҮРКІСТАН: Кентаулық оқушы республикалық «Worldskills Kazakhstan 2018» чемпионатында үздік атанды

0
894

«Worldskiills Kazakhstan - 2019» V республикалық чемпионаты 400-ден астам жастар қатысты.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық оқушы республикалық «Worldskills Kazakhstan 2018» чемпионатында үздік атанды

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 06-15 қараша күндері аралығында техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсететін «Worldskiills Kazakhstan - 2019» V республикалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған республикалық чемпионатқа қабілет пен білімді қатар шыңдаған 400-ден астам жастар 38 құзыреттілік бойынша шеберліктерін көрсетті.

«Worldskiills Kazakhstan - 2019» V республикалық чемпионатына Кентау көпсалалы колледжінен «Малярные и декоративное работы» құзыреттілігі бойынша қатысқан Тәліпхан Мақсат жоғары көрсеткішке ие болып, алтын медальмен марапатталды.

Тәліпхан Мақсат 2018 жылы сәуір айында Өңіраралық чемпионатта, кескіндеме және сәндік жұмыстар бойынша 1 орын жеңіп Астана қаласына Ұлттық чемпионатқа жолдама алды.

Сондай-ақ, 2018 жылы желтоқсан айында Ұлттық чемпионатта, Әрлеу және декоративті жұмыстары бойынша Үздік маман медаліне ие болды.

Айта кетейік, Түркістан облысы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 9 медальон жеңіп алып, жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді.