ТҮРКІСТАН: Кентаулық тұрғын ұлттық нақыштағы киім тігумен айналысып жатыр

0
915

Киім тігумен алты жылдан бері айналысып келеді.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық тұрғын ұлттық нақыштағы киім тігумен айналысып жатыр

Кентаулық тұрғын ұлттық нақыштағы киім тігеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында тұратын тұрғын Ботагөз Бейсембекова «Тігін шеберханасы» жобасы аясында грант алып, мемлекеттік қолдаудың арқасында ұлттық киімдердің түр-түрін тігуды қолға алған. Кәсіпкер моншақ, тастар және бисермен кесте тігуден бастап, киім тігумен алты жылдан бері айналысып келеді.


Ботагөз Мұратқызының айтуынша оның негізгі мамандығы архитектор. Сол мамандығы қазақы киімдерді пішуде үлкен пайдасы тиген. Қазіргі таңда күнделікті киіп жүруге шапан, белдемше, камзол, кеудеше, кәжекей, жеңіл жейделерге сұраныс артқан. Ол аталған киімдерді киіп жүруге ыңғайлы етіп тігіп, кез-келген ортаға кие алатындай етіп тұтынушының талғамына сай дайындап береді. Түрлі тастармен оюлап тіккен дүниелері көздің жауын алады. Тігінші қыз ұзату мен жас келіндерден де тапсырыс алып, ерекше өрнектелген үлгіде көйлектер тігіп береді.


Сонымен қатар, кентаулық кәсіпкер қазақтың ұлттық киімдерін насихаттап Алматы, Астана қалалары мен Отырарда өткен дүниежүзілік қолөнер көрмелерінде ұлттық нақышта тіккен киімдерін көрсетіп, бірнеше марапаттарға ие болып, шебер тігінші атанған.