ТҮРКІСТАН: Кентаулық жастар қалаға қоқыс контейнерін орнатты

0
509

Эстафета 20-ға жуық мекемеге жолданды.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық жастар қалаға қоқыс контейнерін орнатты

Кентаулық белсенді жастар қалаға қоқыс контейнерін орнатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында пластикалық және шыны ыдыстардың қалдығын тастайтын қоқыс контейнері орнатылды. Идея авторы әрі ұйымдастырушы «Көзқарас» белсенді жастар клубы. Өзгелерге үлгі ретінде адам көп жүретін қаланың орталығына бір данасын қойған. Қоқыс контейнері арнайы пластикалық ыдыстарды салуға ыңғайластырылып жасалынған.


«Контейнер толған соң пластикалық ыдыстарды пайдаланатын мекемеге жинап өткізетін боламыз», - дейді клуб мүшесі Гүлжан Серік.


Арнайы жасалынған контейнерді қаланың басқа да жерлеріне қою мақсатында белсенді жастар эстафета ретінде 20-ға жуық мекемеге жолдаған. Игі бастама қала тазалығын сақтау және қала тұрғындарының мәдениетін дамытуға септігін тигізбек. Мұндай шара қалаға қарасты ауылдарда жалғасын таппақ.