ТҮРКІСТАН: Кикбокстан облыс чемпионаты басталды

0
419

Дархан Сатыбалды спортқа ерекше көңіл аударып, талантты спортшы жастарды қолдауда.


ТҮРКІСТАН: Кикбокстан облыс чемпионаты басталды

Түркістан облысының 5 жылдығына орай кикбокстан ұлдар мен қыздар арасында облыстық чемпионат басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл тоды. Осыған орай Сайрам ауданының орталығы Ақсукенттегі «Қайрат» спорт кешенінде кикбокстан ұлдар мен қыздар арасында облыстық чемпионат басталды. Түркістан облыс болып құрылғалы жастардың жаңа жетістіктерге жетуіне жол ашылды. Бұл ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды спортқа ерекше көңіл аударып, талантты спортшы жастарды қолдауда.


Талай талантты жас спортшының тұсауын кескен бұл сайысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Сайрам аудаын әкімдігі ұйымдастырды. Бұл сайыста 20 команда және 225 спортшы қатысып бақтарын сынауда.


Жарыста топ жарғандар Қазақстан Республикасының кезекті чемпионатында облыс намысын қорғайды. Ел чемпионаты Арыс қаласында 1-5 мамыр күндері өтеді деп жоспарлануда.