ТҮРКІСТАН: Көгалдандыру және балық шаруашылығын дамыту бағытында семинар өтеді

0
333

Іс-шара аясында елді мекендерді көгалдандыру мақсатында егілетін көшеттерді егетін жерді таңдау, егу, күтіп баптау шаралары қатысушыларға практикалық тұрғыда көрсетілетін болады.


ТҮРКІСТАН: Көгалдандыру және балық шаруашылығын дамыту бағытында семинар өтеді

Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту бағытында семинар өтпек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыста елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізіліп жатыр.


Осыған орай 16 наурыз күні Түлкібас ауданы, Машат ауыл округінде «Облыста балық шаруашылығын дамытудың мәселелері және елді мекендерін көгалдандандыру шарасының іске асырылу барысы бойынша» семинар-кеңес өткізілмек. Іс-шара аясында елді мекендерді көгалдандыру мақсатында егілетін көшеттерді егетін жерді таңдау, егу, күтіп баптау шаралары қатысушыларға практикалық тұрғыда көрсетілетін болады.


Биыл көктем айларында босатылып, егілетін көшеттердің, аудан, қала әкімдіктерімен талапқа сай егілуі мен күтіп бапталуына қадағалауды күшейту мақсатында табиғат қорғау прокуратурасы қызметкерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылып, аралау кестесі бекітілді.


Осы орайда Қазығұрт ауданында аудан, қала әкімдіктерінің, басқарма мамандары мен ғалымдардың, орман шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен «Елді мекендерді көгалдандыруға арналған» семинар-кеңес өткізілген болатын. Онда көшеттерді қазу, тасымалдау, егу және күтіп баптау мәселелері теориялық тұрғыда талқыланып, жан-жақты түсіндірілген.


Айта кетейік, аталған шара облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан ұйымдастырылып отыр.