ТҮРКІСТАН: Қоқыс полигондары реттеліп, қадағаланады

0
487

Алдағы уақытта кемшіліктерді толығымен қалпына келтіруді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Қоқыс полигондары реттеліп, қадағаланады

Сарыағаш ауданының әкімі қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигонның жай-күйімен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигондар реттеліп, талапқа сай болуы қадағаланатын болады. Осы орайда Сарыағаш ауданының әкім Арман Абдуллаев қала сыртында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына барып, қазіргі жай-күйімен танысты.


Аудан әкімі жеке кәсіпкер «Байбуриева Т.У.» тарапынан жүргізіліп жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын уақытынша күтіп ұстауға тиісті тапсырмалар беріп, алдағы уақытта кемшіліктерді толығымен қалпына келтіруді тапсырды.


Айта кетсек, қалдықтарды шығаруға, жинақтауға арналған полигон Сарыағаш қаласынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалпы ауданы – 9 гектар. Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар полигон жеке кәсіпкерге уақытылы күтіп ұстауға берілген.