ТҮРКІСТАН: Қоқыс полигондарына 4 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

0
759

Өңірде жалпы 127 полигон орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Қоқыс полигондарына 4 млн. теңгеден астам айыппұл салынды

Түркістан облысында санитариялық талаптарға сәйкес келмеген қоқыс полигондарына 4 млннан аса айыппұл салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналғанжалпы 127 полигон орналасқан. Олардың 70-і мемлекеттің меншігінде болса,қалған 57 полигон жекеменшік.


Мемлекет басшысының 2020 жылғы кәсіпкерлікті тексеруге енгізген мораториіне байланысты Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары құзыретті органдармен мемлекет меншігіндегі полигондар жұмысына мониторинг жүргізді.


2022 жылғы тексеру нәтижесінде полигондардың басым бөлігінде қоқыс тасымалы көліктерінің дөңгелектерін дезинфекциялау ваннасының болмауы, полигон айналасының қоршалмауы, дезинфекциялық шаралардың жүргізілмеуі сынды ҚР ДСМ бекіткен санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін кемшіліктер анықталды.


Сондай-ақ, Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданында полионның санитариялық-қорғаныш аймағында тұрғын үйлердің орналасуына жол берілген. Ереже бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санитариялық-қорғаныш аймағы 1000 метр болуы тиіс.


Тиісінше, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкелетін бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.


Осы орайда жоғарыда көрсетілген кемшіліктерге жол берген 11 заңды, 1 лауазымдытұлғаға жалпы соммасы 4 226 940 теңге айыппұл салынды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орындарға бөлінетін жерді жергілікті әкімшілік қарастырады және қоқысты тазарту, тасымалдау, көму жұмыстарын ұйымдастырумен «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» мекемесі айналысады.