ТҮРКІСТАН: Көршілеріне оқ атқан зейнеткер 11 жылдан астам уақытқа сотталды

0
1 039


ТҮРКІСТАН: Көршілеріне оқ атқан зейнеткер 11 жылдан астам уақытқа сотталды

Түркістан облысында көршілеріне жаппай оқ атқан 64 жастағы ер адам 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қанды оқиға былтыр қазан айында болған. Ер адам көршілеріне қарай бет алды оқ атқан. Құдай сақтап ешкім қаза болған жоқ. Алайда үш адам ауыр жарақаттанған болатын. Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты 1954 жылы туған ер адамды бұзақылық ниетпен қасақана кісі өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп тауып 11 жыл үш айға темір торға тоғытты. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болды.