ТҮРКІСТАН: Көше бойынан жаңа туған тірі нәресте табылды

0
1 796

Нәрестені үйдің артқы жағындағы жаяу жүргіншілер жолының бойына тастап кеткен.


ТҮРКІСТАН: Көше бойынан жаңа туған тірі нәресте табылды

фото: қоғам белсендісінің фейсбук парақшасынан алынды

Түркістан облысы сайрам ауданы Ақсукент қаласында жаяу жүргіншілер жолында жаңа туған тірі нәресте табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы нәресте табылған жол бойына жақын үйге қонаққа барып, оқыс оқиғаға куә болған қоғам белсендісі өз парақшасында жазды.

"Бүгін күндізгі сағ 10:00-дер шамасында Түркістан обл. Сайрам ауданы Ақсукент қаласының "Рустемова" көшесіндегі үйдің артқы жағындағы жаяу жүргіншілер көшесінің бойына, белгісіз адам жаңа туылған тірі нәрестені тастап кеткен. Қонақта отырған маған сол үйдің егесі байқап қалып осы жағдайды айтқаннан кейін, дереу сол жерге барып нәрестені өз жаялығымен қымтап, "Жедел жәрдем" мен полицияға хабар беріп, оқиға орнынан фото-видео және тікелей эфир түсірдім. Тергеушіге куә ретінде барлық мән-жайды түсіндіріп бердім" - деп жазады куәгер.

Бұл туралы әзірге құзырлы орындар ешқандай мәлімет бермеген.