ТҮРКІСТАН: Қытай кәсіпкерлері индустриалды аймақпен танысты

0
2 320

Кәсіпкерлер өздерімен бірге әкелген ыдыс-аяқтан бастап, киім-кешек, аяқ-киімдер, қуаттағыш құралдар, күннен қорғайтын өнімдер, электр скутерлері және басқа да тауар түрлерін ұсынды.


ТҮРКІСТАН: Қытай кәсіпкерлері индустриалды аймақпен танысты

Қытайлық делегациясы «Turkistan» индустриалды аймағы мен арнайы экономикалық аймақтың жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қытай Халық Республикасының өнеркәсіп саласы бойынша бір топ делегациясы «Turkistan» индустриалды аймағы мен арнайы экономикалық аймақтың жұмыс барысымен танысты. Кәсіпкерлік құрам Түркістан қаласына жасаған іссапары барысында екіжақты бірлескен көрме өткізді. Кәсіпкерлер өздерімен бірге әкелген ыдыс-аяқтан бастап, киім-кешек, аяқ-киімдер, қуаттағыш құралдар, күннен қорғайтын өнімдер, электр скутерлері және басқа да тауар түрлерін ұсынды.


Айта кетейік, Түркістан қаласындағы дайын екі өндіріс алаңының бірі, қазақ-қытай бірлестігі аясында ашылады деп күтілуде. Аталған өндіріс алаңында шұлық шығарылады. Сондай-ақ ерлер костюмін тігу де жоспарлануда. Қытайлық әріптестер жиын барысында ірі жүк көліктерінің бөлшектерін жасау, телефон қуаттағыш, құлаққап және үш дөңгелекті скутер, мотоцикл шығару бойынша ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге, бірлескен жобалар санын арттырып, тәжірибемен бөлісу және нәтижесінде жұмыс орындар санын көбейту мәселесі де қозғалды.


Биыл мамыр айында облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыстық делегациямен Қытай Халық Республикасында болды. Іс-сапардың басты мақсаты – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру.


Ондағы бірнеше қалаларда орналасқан әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен танысқан делегация, Түркістан облысындағы өңдеу өнеркәсібі саласында жаңа кәсіпорындар құру мүмкіндіктерін қарастырды. Бұл бағытты дамыту үшін облыс орталығының әлеуеті жоғары. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар бірлескен жобалар жүзеге аспақ.


Бүгінгі кездесу барысында «Turkistan» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы ЖШС-нің Бас директоры Қанат Ұзақбайұлы кәсіпкерлерге көрсетілетін мүмкіндіктерді айтып берді. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен таныстырды.


Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Әр ауданның мүмкіндігіне қарай салалар дамыған. Индустриалды аймақта инвесторларға көрсетілетін жеңілдіктер көп. «Индустриалды аймақ – өңірдегі барлық кәсіпорындарды бір аумаққа жинап, кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, бизнесін дамытуға тікелей жұмыс жасайтын орталық. Мұнда әр кәсіпкер, дайын инфрақұрылымға өзі кәсіп ашып, дамыту арқылы ие болады. Оған қоса су, газ, жарық т.б. инфрақұрылымдар зауытқа дейін жеткізіліп отырады. Одан өзге, дайын өндіріс алаңдары (Brownfield) арқылы зауыт салып, уақыт жоғалтпай өндірісін бастап кетуге мүмкіндік бар.