ТҮРКІСТАН: Қыз зорлаған жігіт 11 жылға бас бостандығынан айрырылды

0
1 206

Мойнына асхана пышағын тақап қорқытқан.


ТҮРКІСТАН: Қыз зорлаған жігіт 11 жылға бас бостандығынан айрырылды

Түркістан облысында 17 жастағы қызды зорлаған жігіт сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1990 жылы туған сотталушы қыз баланы пәтерге алдап апарып, мойнына асхана пышағын тақап қорқытқан. "Анаңды өлтіремін, түптеріңе жетемін" деп қоқан лоққы жасаған. Сөйтіп кәмелетке толмаған жас қызға арам пиғылын істеп тынған. Қызының сабақтан кешігіп жатқанына алаңдаған анасы іздеп әбден сандалған. Анасының айтуынша, ауыл арасында емшілік қасиеттерімен танылған сотталушы бұрын қызына ем салып жүрген.

Сот барысында жігіт өз кінәсін мойындаған жоқ. Бір-бірін ұнатқандықтан барлығы ерікті түрде болғанын айтып басын алып қашқан. Дегенмен, сотта сотталушының кінәсі сараптамалар қорытындысымен, іс материалдарының зерделенуімен толық дәлелденген. 1990 жылы туған сотталушы жігіт бұрын сотты болмаған, жұмыссыз, үйленбеген.

Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты 29 жастағы сотталушыны 11 жылға бас бостандығынан айрыру жазасына кесті.