ТҮРКІСТАН: Қызылжарда медициналық нысан ашылды

0
338

Жыл соңына дейін тағы 6 фельдшерлік-акушерлік тірек пайдалануға беріледі.


ТҮРКІСТАН: Қызылжарда медициналық нысан ашылды

Ордабасы ауданында биыл 3 бірдей медициналық нысан ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындардың әлеуметтік жағдайын түзеп, денсаулығын нығайту мақсатында ауылдық жерлерде медициналық нысандар салу қажеттігін тапсырған болатын. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы бүгінде іске асырылып, елдімекендерде жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр.


Осындай бір оқиға жуырда Төрткүл ауылдық округі, Қызылжар елдімекенінде орындалып, фельдшерлік-акушерлік тірек пайдалануға берілді. Медициналық нысанның ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Нұрбек Бадырақов қызылжарлықтардың қуанышына ортақтасты.


Бұл нысанның құрылысы 2022 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржы көлемі – 130 млн. теңге.


Аудан әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, бұл аудандағы маусым айының басынан бері пайдалануға берілген үшінші тірек нысан. Бұған дейін мұндай нысандар Сарытоғай, Көлтоған елдімекендерінде ел игілігіне табысталған. Жыл соңына дейін тағы 6 фельдшерлік-акушерлік тірек пайдалануға беріледі деп жоспарланса, оның екеуі жеке кәсіпкердің есебінен салынып жатыр.