ТҮРКІСТАН: Леңгір қаласындағы үйдің мәселесі шешілді

0
1 042

Мәселе жедел түрде шешімін тапты.


ТҮРКІСТАН: Леңгір қаласындағы үйдің мәселесі шешілді

Түркістан облысындағы тұрғындар шағымданған үйдің мәселесі шешілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Айта кету керек, ҚР Президенті Қ. Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы көппәтерлі үйдің тұрғындары жертөледен үнемі кәріз қалдықтарының иісі шығып тұратындығы жөнінде шағымданған 31 телеарнасының сюжетін жариялаған болатын.

Араға 2 сағат салып, Президент тапсырмасы бойынша Леңгір қаласындағы №25Б тұрғын үйінің бұл мәселесі жедел шешімін тапты. Кәріздік септик тазартылып, үйдің жертөле бөлмесіне дезинфекция жүргізілді.