ТҮРКІСТАН: Леңгірде ауызсу мәселесі толығымен шешіледі

0
672

Жаңа ұңғыма қазылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Леңгірде ауызсу мәселесі толығымен шешіледі

Төлеби ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі – ауызсу болып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының әкімдігі бұл мәселенің шешу жолдарын қарастырып келеді. Тіршілік көзін қолжетімді ету үшін қосымша су көздерін іздестіріп, жер асты су қорларын анықтау үшін барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Атап өтсек, Леңгір қаласындағы ауызсу мәселесін толық шешу мақсатында «Достық» елді мекеніндегі №2 скважина аумағынан жаңа ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде. Бұл ұңғымадан шыққан су қала аумағындағы су тапшылығын шешетін болады. Бұл жобаны іске асыру үшін оның сметалық құжаты әзірленіп, 25,7 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.


«Жаңаұйым елді мекеніндегі "Көктерек" бұлағының дебеті азаюынан Ленгір қаласындағы І-ші аумақтағы №1,2 резервуарларда су деңгейі төмендеп кетті. Қаладағы ауыз су мәселесін түпкілікті шешу мақсатында «Достық» елді мекенінде №2 скважина аумағынан жаңа ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні бұл жұмыстар аяқталуға жақын. Су 70 метр тереңдіктен шықты. Қазіргі кезде құбырлар жалғануда. Алдағы 3 күнде ұңғыма іске қосылады. Нәтижесінде қаладағы ауыз су жағдайы қалпына келеді. Қала тұрғындарына тәулік бойы, яғни 24 сағат бойы ауызсу берілетін болады», - дейді «Ленгір су» МКМ басшысы Қанат Өмірбеков.


Достық елді мекеніндегі №2 скважинадағы жұмыстар толығымен аяқталса, қала халқы тәулік бойы ауызсумен қамтылатын болады.