ТҮРКІСТАН: Леңгірде оқушылар үйі салынып жатыр

0
470

Жеңіл атлетика, еркін күрес, қолөнер бағытында «мүсінші», «тігінші» және тілдік бағытта «өнерлі бала» үйірмелері жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: Леңгірде оқушылар үйі салынып жатыр

Леңгір қаласында оқушылар үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында 80 орындық оқушылар үйінің құрылысы басталған болатын.


Заманауи жаңа ғимараттың жалпы аумағы 1580 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда ішкі әрлеу және монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев мердігер мекеме басшысына жұмысты көрсетілген мерзімге дейін аяқтап, пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Ал, жауапты сала басшыларына құрылыстың сапалы болуын қадағалауды жүктеді.


Аталған нысан құрылысын биыл аяқтау жоспарланып отыр. Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мұнда жеңіл атлетика, еркін күрес, қолөнер бағытында «мүсінші», «тігінші» және тілдік бағытта «өнерлі бала» үйірмелері жұмыс істейді.


Айта кетсек, ескі аудандық оқушылар үйінің ғимараты 1937 жылы шахта жұмысшылары үшін жатақхана ретінде салынған. Соғыс жылдарынан кейін ғимарат қалалық №7 бастауыш мектебіне, 1960 жылдан бастап №5 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары үшін берілген.