ТҮРКІСТАН: Лифт шахтасына құлаған зейнеткер ауруханада көз жұмған

0
1 980

Тұрғын үйдегі лифттерді жөндеуді «Lift Pro servis» сервистік кәсіпорны жүргізген.


ТҮРКІСТАН: Лифт шахтасына құлаған зейнеткер ауруханада көз жұмған

Түркістан қаласында лифт шахтасына құлаған азамат ауруханада қайтыс болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Естеріңізде болса, осыған дейін Түркістандағы көпқабатты тұрғынүйлердің бірінде тұратын зейнеткердің лифт шахтасына құлап, қаза болғанын хабарлағанбыз.


Аталған жағдайға қатысты видеолардың жарияланғанын да айтқан едік.


Енді қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады. Ақпаратқа сүйенсек, 13 тамыз күні сағат 19:18-де 1949 жылы туылған «Жаңа қала» мөлтек ауданындағы 11 6/12 үйдің тұрғыны 5-қабатта лифтте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда 3-қабаттан үйдің лифт шахтасына құлап кеткен. Тұрғын жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болған. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.


«Тұрғын үйдегі лифттерді жөндеуді «Lift Pro servis» сервистік кәсіпорны (директоры С. Қамашев) жүргізген. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары туралыүй тұрғындарына алдын ала хабарланған», - делінген баспасөз хабарламасында.


Қазір аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.