«Түркістан» магистралды каналының 59 шақырымы күрделі жөндеуден өткізілді

0
691

751 шақырымдық 161 канал облыстық меншікке өткізілді.


«Түркістан» магистралды каналының 59 шақырымы күрделі жөндеуден өткізілді

Түркістан қаласында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, оны тиімді пайдалану мәселелері бойынша өткен көшпелі отырыста айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ағын сумен қамтамасыз етуде де айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Бірнеше су қоймалары мен магистралды каналдар облыстың меншігіне алынып, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады, «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасының құрылысы аяқталды. «Түркістан» магистралды каналының 59 шақырымы күрделі жөндеуден өткізіліп, одан су алатын, бұрын иесіз, жеке меншік, аудандық меншікте болған ұзындығы 751 шақырымдық 161 канал облыстық меншікке өткізілді. Арнайы мекеме құрылып, нәтижесінде, су шығынын болдырмау үшін, алғашқы рет тариф бекітілді (1000 м.3 ағын су үшін 328,6 теңге). Аталған су нысандарын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары және Арыс, Кентау қаласы өңірлерінің 78,8 мың га суармалы жерлерін және Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарын ағын сумен тұрақты түрде уақытылы қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Түркістан қаласында суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, оны тиімді пайдалану мәселелері бойынша өткен көшпелі отырыста айтылды.


Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Манатаев ҚР суармалы жерлерді дамыту мәселелері, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен оны қорғау мәселелері туралы, «Қазсушар» РМК Бас директоры міндетін атқарушы Алтай Елжасовтың республикалық меншіктегі су шаруашылығы объектілерін пайдалану және күтіп-ұстау, суармалы су берудің ағымдағы жағдайы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың Түркістан облысында суармалы жерлерді дамыту перспективалары мен мәселелері туралы ақпараттарымен таныстырды.


Қойылған сұрақтарға тиісті мемлекеттік органның басшылары жауап берді. ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті іссапар барысында Түркістан магистралды каналының жөндеу жұмыстарымен, «Кеңсай Қосқорған-2» су қоймасы құрылысымен, Су үнемдеу бағыты бойынша жаңбырлату технологиялары орнатылған «Түркістан-Агро» ЖШС-нің егіс алқаптарымен, «Бөген» су қоймасының жағдайымен және жұмыс істеу бағытымен танысты. Комитеттің көшпелі мәжілісі аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы карантиндік талаптарды сақтай отырып өтті.