ТҮРКІСТАН: Мақтааралда әкімдік мәжілісінің кезекті отырысы өтті

0
907

Жиында ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуы бойынша 2019 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы тыңдалды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда әкімдік мәжілісінің кезекті отырысы өтті

Мақтаарал ауданының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы индикаторларының орындалуы туралы күн тәртібінде 3 мәселе қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров, аудандық дербес бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық ауруханалар, аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы,коммуналдық мекеменің басшылары қатысты.

Елді мекендердегі көгалдандыру, көріктендіру, санитарлық тазалау жұмыстарының барысы және қоқыс полигондарының жағдайы туралы, төтенше жағдайлар кезінде жұмылдырылатын техникалар, құрал-жабдықтардың сапасы мен дайындық барысы туралы, сондай-ақ ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуы бойынша 2019 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы индикаторларының орындалуы туралы күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

Бірінші мәселеге сәйкес аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғ.Полатовқа сөз беріледі. Сондай-ақ, екінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас инспекторы Е.Тойымов, үшінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының м.у.а Ө.Дүйсебаев баяндама жасады.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков әкімдік мәжілісінің қорытындысымен әзірленген қаулыны қатысушарға таныстырды. Сондай-ақ, жұмысына немқұрайлы қараған бірнеше бөлім басшылары мен ауылдық округ әкмідерінің тәртібін қарау үшін ұсыныс беріліп, жиынды аудан басшысы қорытындылады.