ТҮРКІСТАН: Мақтааралда "Алғыс айту" күні аталып өтілді

0
2 048

«1-наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай, Мақтаарал ауданына Өзбекстанның Сырдария ауданынан қонақтар келді.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда

Елдегі мызғымас достық пен бірліктің символы болған «1-наурыз – Алғыс айту күні» мерекесі еліміздің барлық өңірлері секілді ақ алтынды Мақтаарал ауданында да өз деңгейінде салтанатты түрде аталып өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Аудандық «Ақ Алтын» мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шараға ауданды мекен ететін барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері, көршілес Өзбекстагн Республикасы Сырдария ауданынан арнайы делегациясы қатысты. Әрбірі өз салт-дәстүрлеріне тән ұлттық өнерлерін көрсетіп, ән салды. Ұлттық билерін билеп, мамыражай қазақ халқына деген алғыстарын жеткізді. Ұлттық тағамдар мәзңрінен дасархан жайылып, келген қонақтарға дәм татқызылды. Сонау ерте кездерде түрлі жағдайлармен жер ауып келіп, қазақ жерінде тұрақтап қалған өзге ұлттар мен ұлыстардың өз тілдерінде еш кедергісіз білім алып, тарихын танып-білулеріне барлық жағдай жасалуының нәтижесінде тұрақтылық пен ынтымақтастықтың қамалы берік қаланған.

«Бүгінде көпұлтты халықты достық құшағына сыйғызған Қазақстан Республикасы тұрақтылық пен татулықтың мекеніне айналып отыр. Мемлекетіміздің халықаралық беделінің артуы, экономикалық-әлеуметтік дамуымыздағы барша жетістіктеріміз халқымыздың мызғымас достығының жемісі. Біздің алдымызда экономиканы жаңа деңгейге көтеріп, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған міндеттер тұр. Қазіргі кезде кеңінен талқыланып, жаппай қолдау тауып жатқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың әрбір тапсырмасы мен тың идеяларының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін біз бұдан былай да бір тудың астына жиналып, бірлік пен ынтымақ жағдайында табандылықта жұмыс істеуіміз керек»,- деген аудан әкімі Бақыт Насырханұлы көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, жемісті еңбектері мен жеткен жетістіктері үгін ауданның бірқатар азаматтарын "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының алғыс хатымен марапаттады.

Сондай-ақ, мерекелік шарада аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламаларымен қатар ауданның даму тарихы, тың игеру, Ұлы Отан соғысы жылдарынан сахналастырылған көріністер көрсетілді. 30-ға ұлттың өкілдері тату-тәтті тұратын ауданның өткені мен бүгіні, ертеңі жайында сөз қозғалды. Күн санап қарыштап дамып, әлемдік арнеда өзіндік орынға ие болып отырған мемлекетіміздің дамуында өзге ұлт өкілдерінің де қосқан үлестерінің аз емес екендігі айтылды.