ТҮРКІСТАН: Мақтааралда құс фабрикасы салынып жатыр

0
661

Жоба құны 850 млн теңгені құрайды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда құс фабрикасы салынып жатыр

Мақтаарал ауданында құс фабрикасының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданындағы «Мырзашөл құс» ЖШС-на тиесілі құс фабрикасының құрылысы жалғасып жатыр. Фабриканың негізгі мақсаты - тұтынушыларды жұмыртқа және құс етімен қамтамасыз ету. Жобалық құны 850 млн теңгені құрайтын құс фабрикасын іске қосу 4 кезеңге жоспарланған. Құс фабрикасының 1-2 кезеңдері кәсіпкердің жеке қаржысына жүзеге асырылса, қалған кезеңдерді орындау үшін жеңілдетілген пайызбен несие алу қажеттілігі туындап отыр.


Аудан басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысып, мемлекет тарапынан қолдау табуы үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.