ТҮРКІСТАН: Мақтааралда "Наурыз көже" фестивалі өтіп жатыр

0
1 803


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда

Мақтаарал ауданының орталық алаңында өткен бүкілхалықтық мерекеде аудан мекемелері арасында ұлттық тағамдардан дастархан жайылып, "Наурыз көже фестивалі" өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Сонымен қатар, ауданның қоғамдық, мәдени шараларында белсенділік танытып, ұлтаралық татулықта үлкен рөл атқаратын тәжік, әзербайжан, түрік және өзбек ұлттарының өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарынан дастархан мәзірін ұсынып, концерттік бағдарламаларын көпшілікке тарту етті.

Ал, басқа да мекемелер, нақтырақ айтқанда арнаулы орта оқу орындары мен мектептер, балабақшалар мен аудан әкімі аппаратының бөлімдері мерекенің негізгі тағамы - наурыз көже пісіруден өзара сайысқа түсіп жатыр.