ТҮРКІСТАН: Мақтааралда жаңа нысандар салынып жатыр

0
770

Құрылыс биыл аяқталады деп жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда жаңа нысандар салынып жатыр

Мақтаарал ауданында мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданы, Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елдімекенінде мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Өткен жылы басталған құрылыс биыл аяқталады деп жоспарланған. Жаңа нысандардың құрылысын жүргізіп жатқан "Умирзак" ЖШС-і.


Аудан әкімі Бақыт Асанов аталған округке барып, нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты сала басшысына нысанның өз мерзімінде пайдалануға берілуі керектігін атап өтті. Сонымен қатар, аудан басшысы Иіржар ауылдық округі Алаш ауылында да болып, жаңадан салынған мектепке барып, жол тарту мәселесі бойынша арнайы тапсырма берді. Әкім өз сөзінде шұғыл түрде жол салу үшін тиісті шараларды атқару керектігін айтты.


Айта кетейік, ауданда Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елдімекенінен бөлек, Жамбыл ауылдық округі Жалын елдімекенінде де мәдениет үйі мен кітапхана нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.