ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы әкімшілік ғимараты шілде айының соңында қолданысқа беріледі

0
377

Мектепте отырған дербес бөлімдер жаңа ғимаратқа көшіріледі.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдағы әкімшілік ғимараты шілде айының соңында қолданысқа беріледі

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов құрылысы аяқталған жаңа әкімшілік ғимаратымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов құрылысы аяқталған жаңа әкімшілік ғимаратымен танысты. Жаңа нысан шілде айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.


Мырзакент кентінің Мадиходжаев көшесінде орналасқан алып ғимарат аудан орталығының келбетіне көрік қосып тұр. 3 қабаттан тұратын ғимаратта мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет алуға келген аудан тұрғындары үшін барлық техникалық-материалдық жағдай жасалып келеді.


Аудан басшысы құрылысы аяқталған нысанның барлық қабаттары мен кабинеттерін аралап көріп, жобалық-сметалық құжаттамасына сай сапасын тексерді. Мердігерлерге техникалық-материалдық жабдықталуын тездету керектігін айтты. Сондай-ақ, дербес бөлімдерді көшуге дайындай беру керектігін тапсырды.


Айта кетейік, 2018 жылы іріленген Мақтаарал ауданы екіге бөлінді. Жаңадан аудан орталығы атанған Мырзакент кентінде көптеген мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер мектеп ғимаратында, арендалық ғимараттарға жайғасқан болса, ғимарат таппаған бірнеше мекеме Атакент кентіне қоныс тепкен болатын.


Қазіргі таңда Мырзакент кентіндегі С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде 7 бірдей дербес бөлім орналасқан. Ғимарат осы айдың соңына дейін пайдалануға беріліп, мектепте отырған дербес бөлімдер жаңа ғимаратқа көшіріледі.