ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық спортшы әлем кубогында жүлдегер атанды

0
583

Ұлттық жекпе-жектен ҚР Кубогының жеңімпазы болған.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық спортшы әлем кубогында жүлдегер атанды

Мақтааралдық Махсуда Джаппарова жекпе-жектен әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасының 30 жылдығына және Қазақтың Тұңғыш генералы Сабыр Рахымовтың жүлдесіне арналған Алматы облысы Талдықорған қаласында Ұлттық жекпе-жектен өткен әлем кубогында Мақтаарал ауданының тумасы Махсуда Джаппарова ІІ орынды жеңіп алып, Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.


Атап өтсек, Махсуда Джаппаров 1997 жылы Мақтаарал ауданы Иіржар ауылдық округі Диқан ауылында туылған. 2021 жылдың өзінде көптеген жетістіктерге жеткен. Атап айтқанда, 27 ақпан және 1 наурыз күндері аралығында Қостанай қаласында өткен ҚР Чемпионатында күміс жүлдегері атанса, 27-30 наурыз күндері Шымкент қаласында өткен Пенчак Силаттан ҚР-ның Чемпионы болды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында өткен Ұлттық жекпе-жектен ҚР Кубогының жеңімпазы атанды.


Сонымен қатар, тамыздың 26-29 күндері Қырғызстанда өткен Gamma MMA-дан Азия Чемпионатының жеңімпазы болып, еліміздің абыройын асқақтатты. Қазанның 7-10 күндері Алматы қаласында өткен Пенчак Силаттан Азия және әлем Чемпионатына іріктеуінің жеңімпазы, 29-31 қазан күндері Қостанай қаласында өткен жекпе-жектен Азия Чемпионатының финалисті атанды.


Одан бөлек, жекпе-жектен Азия және Әлем Кубогының күміс жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Махсуда Джаппарова осылайша 24-25 қараша күні Талдықорған қаласында өткен Ұлттық жекпе жектен ІІ орынды жеңіп алған.