ТҮРКІСТАН: Мәслихат төрағасы ірі өндіріс орнын аралады

0
721

Жобаның жалпы құны – 31 млрд. теңге.


ТҮРКІСТАН: Мәслихат төрағасы ірі өндіріс орнын аралады

Түркістан облысы мәслихатының төрағасы ірі өндіріс орнын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов Шардара ауданында индустриалды аймақта орналасқан ірі өндіріс орнын аралады. Мәслихат төрағасы жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеуге қауқарлы зауытқа барып, жұмысымен танысты. Биыл Шардара ауданында құрылысы басталған жүгері өңдеу зауыты шаруалардан жүгері қабылдауды бастап кетті. Жобаның жалпы құны – 31 млрд. теңге. Онда 550 жұмыс орнын ашу көзделген.


Қазіргі таңда жүгеріні сақтау және кептіру кешенінің құрылысы аяқталды. Екінші кезеңде жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық іске қосылады.


35 гектар аумақта орналасқан зауытта крахмал сірнесі өндірілмек. Бұл дақылдың құрамында 75%-ға дейін қант бар. Сондықтан өнімді өндірістік мақсатта, яғни табиғи қант алмастырғыш ретінде пайдалануға болады.


Зауыт түрлендірілген крахмалдың 20-дан астам түрін: мальтоза және глюкоза балшырындарын, глютен, жүгері майын, ұрық, кебек, түйірленген құрама жем шығаратын болады. Ал сірне – осы крахмалдан алынатын қою шәрбәт тәрізді тәтті өнім. Бұдан бөлек, өндіріс орны крахмал-глюкозалық қант пен тағамдық глюкозаны өндіреді.


Зауыт өнімдерін Азия және Еуропа елдеріне экспорттамақ. Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының шаруалары жүгері егудің тиімділігіне толықтай көз жеткізгенше зауытты шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгеріні кәсіпкер өздері егіп отыратын болады.