ТҮРКІСТАН: Медицина қызметкерлерін бопсалаған күдіктілер ұсталды

0
460

Айғақты зат ретінде 32 млн. теңге көлемінде ақша тәркіленді.


ТҮРКІСТАН: Медицина қызметкерлерін бопсалаған күдіктілер ұсталды

Түркістандық полицейлер медицина мекемелерінің қызметкерлерін бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының тәртіп сақшылары қылмыстық топтың жолына тосқауыл қойылды. Нақтырақ айтсақ, күдіктілер жүйелі түрде Мақтаарал және Жетісай аудандарында орналасқан медицина мекемелерінің қызметкерлерінен, олардың қаржылық қызметі туралы мәліметтерін таратып, жала жауып, оны жариялау қаупін төндіріп, ақша бопсалаумен айналысқан.


Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов айтып берді.


"Бізге, Криминалдық полиция басқармасына медицина мекемесінің бірінің қызметкері шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер жалған мәліметтерді таратып жариялаймыз, сондай-ақ бақылаушы органдардың жоспардан тыс тексерулерін ұйымдастырамыз деп бопсалап, 32 миллион теңге талап еткен. Аталған жайт біздің полицейлермен бірден ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі "Аса ірі мөлшердегі бопсалау" бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алынды. Қылмыстық топты ұстау және қылмысты ашу мақсатында, Түркістан облысы бойынша ПД КПБ мен ҚР ҰҚКД қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, кезек күттірмейтін тергеу жұмыстарын кешенді жүргіздік. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Жетісай қаласындағы кафелердің бірінде ірі көлемде ақша қаражатын бопсалап, алып жатқан Жетісай қаласының тұрғынын, яғни күдіктіні ұстадық. Ұсталған сезіктіден айғақты зат ретінде 32 млн теңге көлемінде ақша тәркіледік", - деп атап өтті полиция полковнигі Қ.Сахов.


Полиция бастығы орынбасарының айтуынша, бұдан кейін Шымкент қаласындағы мекемелердің бірінің жанындағы тергеу әрекеттерінің нәтижесінде ТО ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері, ҰҚКД қызметкерлері және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бірлесіп, екінші күдікті ретінде Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстаған. Бүгінде екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.