ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік айыптаушылардың форумы өтті

0
1 132

үркістан облысының прокуратурасында мемлекеттік айыптаушылардың кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда облыс прокуроры Н.Әбдіров аймақтық прокурорлар жылына 3 мыңнан аса қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыпты қолдайтынын, өткен жылы соттармен мадақтау сипатында 13 жеке қаулы қабылданғанын және мемлекеттік айыптауды жүзеге асыратынын айтты.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік айыптаушылардың форумы өтті

Түркістан облысының прокуратурасында мемлекеттік айыптаушылардың кеңейтілген мәжілісі өткізіліп, онда сот процесіндегі жиі кездесетін проблемалар талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Ісшараға прокуратура қызметкерлері, соттар, адвокаттар алқасының мүшелері, Құқық қорғау органдары академиясы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетінің ғалымдары қатысты.
Кездесуде облыс прокуроры Н.Әбдіров аймақтық прокурорлар жылына 3 мыңнан аса қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыпты қолдайтынын, өткен жылы соттармен мадақтау сипатында 13 жеке қаулы қабылданғанын және мемлекеттік айыптауды жүзеге асыратын 22 қызметкерден тұратын «үздіктер пулы» құрылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, 2018 жылы облыс прокурорларының апелляциялық өтініштері негізінде бірінші сатыдағы соттардың 136 үкімдері заңдастырылғаны аталды.
Бұдан басқа, мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған Құқық қорғау органдары академиясы әзірлеген жаңа бағдарламалар мен оқытудың жаңа әдістемелері жарияланды.