ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ширату жолдары талқыланды

0
399

Облыстық басқармалардың кадр қызметіне жауапты орынбасарлары мен қызметшілері, аудан, қала әкімдері аппараттарының басшылары және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ширату жолдары талқыланды

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен жиын өтті. Күн тәртібінде облыстағы мемлекеттік қызмет саласындағы көрсеткіштер бойынша 2023 жылдың қорытындысы қаралды. Сондай-ақ аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларда мемлекеттік қызмет саласындағы заңдылықтардың сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижесі талқыланды. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс өнімділігін арттыру, Әдеп кодексін сақтау мәселелері сөз болды.


Аппарат басшысы ел сенімін ақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуі керектігін айтты. Облыстық басқармалардың кадр қызметіне жауапты орынбасарлары мен қызметшілері, аудан, қала әкімдері аппараттарының басшылары және персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Өркен Балажанов сөз сөйледі. Департамент басшысы өңірлік кадр резерві, Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы атап өтіп, Әдеп кодексінің талаптарын түсіндірді.


Бұдан бөлек жиын барысында Мемлекеттік қызмет басқармасының, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының, Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшылары өткен жылдың қорытындысы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағыты бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ облыс әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы Бақыт Ералиев мониторинг қорытындысымен бөлісті.