ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

0
908

Мамандар арнайы марапатқа ие болды.


ТҮРКІСТАН: Мемлекеттік қызметшілерге құрмет көрсетілді

Түркістанда мемлекеттік қызметшілер күніне орай мамандар арнайы марапатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістанда мемлекеттік қызметшілер күніне орай мамандар арнайы марапатқа ие болды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы салтанатты іс-шараға қатысып, мереке иелерін құттықтады.


«Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Бүгінгі кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік бағдарламаларды орындау мен халықтың мүддесі үшін қызмет етуде сала қызметкерлерінің үлесі зор. Ең әуелі патриотизм мен адалдықты ұстану маңызды. Жуырда Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Өңіріміз жан-жақты даму үстінде. Бұл істерді жанашырлықпен атқарып келе жатқан Сіздерге алғысымыз мол. Қасиетті мекенімізді одан әрі көркейтуге, Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған реформаларды орындауға және Әділетті Қазақстанды құруға атсалысасыздар деген сенімдеміз. Мереке құтты болсын!», – деді облыс әкімінің орынбасары.


Айта кетейік, мерекелік жиында мемлекеттік қызметшілер Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының алғыс хатымен марапатталды.