​ТҮРКІСТАН: Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

0
2 678

Ақ халаттылардың біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды.


​ТҮРКІСТАН: Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

Түркістан облысында шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданынының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында үш қыз босанған. Бүгінде мерзімінен ерте туылған нәрестелер №1 Облыстық перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің бақылауында.

«Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұл мен екі қызым асыға күтуде. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда, ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс», - дейді ана.
Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.
Ақ халаттылардың біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды. Себебі, жеті жарым айлық болып өмірге келген шақалақтардың өкпесі дұрыс дамымай, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.