ТҮРКІСТАН: Музейлер шеруі жалғасын тапты

0
330

Түркістан қазіргі таңда нағыз мәдени-рухани, туристік қалаға айналып келеді.


ТҮРКІСТАН: Музейлер шеруі жалғасын тапты

Түркістанда музейлер шеруін облыстық Бейнелеу өнері музейі жалғады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Музейлер шеруі» кеңейтілген көшпелі көрмесі жалғасын тапты. Облыстың 5 жылдығына арналған шараға Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейі қорынан жасақталған «Түркістан – түркілер тұмары» көрмесі келіп жатыр. Аталған шараға облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен облыстық музейлер басшылары мен қызметкерлері қатысты.


«Түркістан қазіргі таңда нағыз мәдени-рухани, туристік қалаға айналып келеді. Қазіргі таңда мұнда келушілер қатары көбеюде. Күні кеше шетелден журналистер келіп, өңіріміздің кереметін әлемге танытуға үлес қоспақ. Сондай-ақ республикалық «Түркістан дауысы - 2023» ән байқауы өтті. Осы секілді шаралар жиі ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі осы «Музейлер шеруі» көшпелі көрмесі. Бұл да қала тұрғындарына, сырттан келетін қонақтарымызға облыстағы музей қорларын таныстыруға септігін тигізеді, тарихымызды танытады деп білем», – деді басқарма басшысы.


Көрмеге Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық, республикалық симпозиумдарда жазылған Түркістан өңірінің қасиетті жерлерін өнер тілімен баяндайтын үздік кескіндемелік шығармалар қойылған. Аталған музей ұйымдастыруымен таяуда ғана халықаралық шара ұйымдастырылып, сарапшылардың оң бағасын алған болатын.


Айта кетейік, «Visit Turkistan» орталығы алаңындағы көшпелі көрме үш күнге жалғасты. 15-17 қыркүйек аралығында қала тұрғындары мен қонақтары өнер шеберлерінің ерекше туындыларын тамашалады.