Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

0
949

«Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобалардың авторы болған.


Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Түркістан музыкалық драма театрының директоры болып Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысының бұйрығына сәйкес, Түркістан музыкалық драма театрының директоры болып Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды.

Айнұр Сайлаубайқызы – 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген. 1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. 1995-1996 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да мамандығы бойынша магистратура, 1996-1999 жылдары аспирантурада жоғары білім алған.

- 1999 ж. Филология ғылымдарының кандидаты (Тақырыбы: Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты);
- 1999 ж. Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы;
- 2000 ж. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы;
- 2000-2010 ж. «Хабар» телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобалардың авторы;
- 2010 жылдан бері «А+А Idea fabric» ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры;
- «Bolashak Charity» қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
- Фильмографиясы: "Я тебя люблю" фильмі мен "Армандастар" сериалы;
- «Құрмет» орденінің кавалері;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

Сонымен қатар, 2017 жылы өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада сынды бірқатар зияткерлік меншіктің ресми авторлық құқық иесі, ашылу және жабылу салтанаттарының сценарий авторы. Мәскеу қаласында өткен «Фариза» қойылымының бас продюсері, қосымша режиссері әрі идея авторы.