ТҮРКІСТАН: Мырзакенттегі әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

0
515

Құрылыс жұмыстарына жүздеген жұмысшы тартылған.


ТҮРКІСТАН: Мырзакенттегі әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр

Мақтааралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су басқан Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдарының тұрғындары қоныстанған аудан орталығы Мырзакенттегі жаңа мөлтек ауданда әлеуметтік нысандардың құрылысы қысқы ауа-райына қарамастан қарқынды жүргізіліп жатыр. Онда заман талабына сай мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория және полиция пунктінің құрылыс жұмыстарына жүздеген жұмысшы тартылған.

Атап айтқанда, 1200 орындық мектеп пен 280 орындық балабақшаның қазіргі таңда қыш қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қос нысанның құрылысы 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, аудан орталығында бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория мен полициялық пункт ғимараттарының құрылысы жүріп жатыр. Нысандарды ағымдағы жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңда екі нысанда да ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары аяқталуға жақындап қалды.

Сонымен қатар, мамыр айында апат орын алған Өргебас және Фердауси ауылдарында да әлеуметтік нысандар бой көтеріп келеді.