ТҮРКІСТАН: Мырзашөлде халықаралық семинар кеңес өтті

0
1 240

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және «Жетісай» биофабрикасының ұйымдастыруымен «Мақта дақылының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы биолоиялық күрес әдістерін дамыту» тақырыбында халықаралық семинар кеңес өтті. Жиынға Өзбекстаннан да делегаттар келді.


ТҮРКІСТАН: Мырзашөлде халықаралық семинар кеңес өтті

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және «Жетісай» биофабрикасының ұйымдастыруымен «Мақта дақылының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы биолоиялық күрес әдістерін дамыту» тақырыбында халықаралық семинар кеңес өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов, Жетісай ауданының әкімі Ж.Бейсенбаев, аудан әкімдерінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасарлары, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мен мамандары, ауыл оркугтерінің жер мамандары, биофабрикалар мен биолабораториялардың басшылары және Өзбекстан Республикасынан келген делегаттар қатысқан жиында биологиялық тәсілді қолдану арқылы мақтаның өнімділігін арттыру жолдары талқыланды.
Жиын барысында сөз сөйлеген аудан әкімі Б.Асанов тұрғындардың денсаулығын сақтау, экологиялық таза өнімдерді тұтыну, қоршаған ортаның экологиялық жағдайының таза болуына аса зор көңіл бөлу керектігін атап өтті. Дәл осы мақсатта мақталы ауданның 8 мыңнан аса шаруа қожалықтарын зиянкестермен күресу үшін биологиялық тәсілді пайдалануға шақырды.
«Мақтаарал – адам капиталына бай аудан. Ал, адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы, көбеюуі табиғи орта жағдайында өтеді. Бұған дейін де зиянкестермен күресуде химиялық тәсілдердің адам денсаулығына өте зиян екені дәлелденген және тұрғындардың денсаулығы үшін жыл сайын биологиялық тәсілді қолдануды арттырып келеміз. Биологиялық әдістің артықшылығы – қоршаған ортаны ластамайды, адамдармен жан-жануарларға мүлдем зиянсыз, өсімдіктердің энтомофагтары мен тозаңдатушы жәндіктердің табиғи көбейуіне, пайдалы фаунаға мүлдем зияны жоқ. Экономикалық жағынан тиімді және химиялық әдіске қарағанда бірнеше есе арзан, қолдануға ыңғайлы» - деді Бақыт Насырханұлы.
Жалпы жиында Жетісай ауданының әкімі Ж.Бейсенбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы И.Үмбетаев, Түркістан облысы биагенттерді өндірушілер қауымдастығының төрағасы П.Әбдіразақов, Өзбекстан Республикасы өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары А.Сагдуллаев, Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы Жетісай аудандық филиалының басшысы Қ.Досаевтар мақта зиянкестерімен биологиялық күресудің тиімді әдістері туралы баяндама жасады.
Айта кетейік, былтыр мақтааралдық шаруалар 26 959 гектар алқапта биологиялық әдіс, 32 306,4 гектар алқапта химиялық әдіс арқылы зиянкестерге қарсы жұмыстар атқарды. Қазіргі таңда өсiмдiктердi қорғау мақсатында биоагенттер және биопрепараттар өсірумен, өндірумен және таратумен айналысатын 2 биофабрика, 4 биозертханамжұмыс жасауда.
2018 жылы биофабрикалар мен биозертханаларда 89 387 грамм трихограмма, 27,5 млн дана алтынкөз, 34,3 млн дана браккон өндірген. Мемлекет тарапынан биоөнімдерінің құнын арзандату мақсатында 61 608 064,3 теңге көлемінде субсидия төленіпті. Фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы Мақтаарал ауданы бойынша мақта көбелегіне 16 000 гектар, өрмекші кенесіне 6 900 гектар химиялық өңдеуге жататынын мамандар болжап отыр.
Дереккөз: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі