ТҮРКІСТАН: «Наурыз» мерекесіне орай спорттық сайыстар өтеді

0
2 731

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылық жасайды.


ТҮРКІСТАН: «Наурыз» мерекесіне орай спорттық сайыстар өтеді

«Ұлыстың ұлы күні 22 Наурыз» мерекесін атап өту бойынша 19 наурыз «Спорт және шеберлік күні» болып белгіленуіне байланысты Түркістан облысындағы әр аудан, қалада ұлттық спорт түрлерінен бұқаралық-спорттық жарыстар ұйымдастырылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 19-22 наурызы күндері «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» және «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз!» мерекесіне арналғанұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді.

Осы орайда 19-22 наурыз күндері аралығында Сауран ауданы Қарашық ауылында аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, қыз қуу, конкур, құсбегілік, тазы-төбет жарысы ойындары өтеді. Жарыстың дайындығы мен өтуіне Түркістан облысы әкімдігі және Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылық жасайды.

Аталған іс-шаралардың мақсаты мен міндеттері – «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру; ержүректілікті, ептілікті, күштілікті, тапқырлықты қажет жетететінұлттық ойындарды тұрғындардың арасында кеңінен насихаттау және таныту; салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы жастарды нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы тәрбиелеу және ұлттықспорт ойындары арқылы спортшылардың шеберлігін арттыру.