ТҮРКІСТАН: «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 196 пәтерге өтінім қабылдау басталады

0
1 604

Тұрғын үйге өтінім жіберу www.otbasybank.кz сайты арқылы жүзеге асады.


ТҮРКІСТАН: «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 196 пәтерге өтінім қабылдау басталады

Түркістанда «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 196 пәтерге өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан «Тұран» тұрғын үй кешені бойынша 17-блок, 18-блок, 19-блок, 20-блоктарға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында конкурс басталады.


Аталған тұрғын үйге өтініштер 24 сәуір мен 24 мамыр аралығында ЖАО-да үй кезекте Түркістан облысы бойынша тұрған Банк салымшыларынан қабылданады.


Тарқата айтсақ, тұрғын үйге өтінім жіберу www.otbasybank.кz сайты арқылы жүзеге асады. Пәтерлер саны - 196, шаршы метр бағасы 180 мың теңгені құрайды. Тұрғын үйлердегі 1 бөлмелі 28 пәтер болса, оның көлемі – 36.14 ш.м, ал 2 бөлмелі 84 пәтер – 56.61-58.46 ш.м, 3 бөлмелі 84 пәтер — 64.12-69.36 ш.м. Пәтерлердің құрылыс мердігері - "НЫШ-ЕР" ЖШС.


Конкурсқа қатысу үшін, өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағында болуы керек. Сондай-ақ, қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде болған кезде мүмкін болады.


Өтінім беру үшін отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда Қазақстан бойынша жылжымайтын мүлік болмауы керек.


Сонымен қатар, табыс отбасы мүшелеріне шаққанда 3,7 күнкөріс минимумынан, яғни, 150097 теңгеден аспауы қажет. Яғни, отбасының жалпы табысы, отбасы мүшелерінің санына бөлгенде 150097 теңгеден аспауы тиіс. Мәселен, ері мен жұбайы екеуінің табысының қосындысы 320 000 теңге болса және отбасы саны 4 адам болса, 320 000:4=80 000тг<150097.


Айта кетсек, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша несие пайызы - 5%, алғашқы жарна - 20%, несие мерзімі - 20 жылға дейін жалғасады.