ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі көктемгі дала жұмыстарын жандандыруды тапсырды

0
335

Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету үшін облысқа 48,2 мың теңге қаралған.


ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі көктемгі дала жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Дархан Сатыбалды көктемгі дала жұмыстарын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көктемгі дала жұмыстарында жоспарды орындамай, артта қалып келе жатқан аудан, қала әкімдеріне жұмысты күшейтуді тапсырды. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер, көктемгі дала жұмыстарының орындалу барысы талқыланды.


«Көктемгі дала жұмыстары кейбір аудандарда сапалы орындалмай отыр. Жаздық дақылдарды егу үшін 488,6 мың гектар алқапты жырту жоспарланған. Бірақ қазір 8 мың гектары әлі дайындалмаған. Сор шаю жұмыстары бойынша да жұмысты күшейту керек. Жаздық дақылдардың егіс көлемі бүгінге дейін 139 мың гектарға немесе 28 пайзыға ғана орындалған. Малазықтық дақылдар 46 мың гектарға жоспарланып, 27 мың гектарға немесе 58,5 пайызға орындалған. Бұл жұмыстар кейбір аудандарда өте төмен. Жандандыру керек. Көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағармай мен тыңайтқышты жеткізу жұмыстарын да назарда ұстаған жөн. Көктемгі дала жұмыстарын сапалы әрі жүйелі атқаруды, шаруаларға қолдау көрсетуді тапсырамын», – деді Дархан Сатыбалды.


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспановтың айтуынша, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 6,5 млрд. теңге бөлінген. Сол арқылы 331,3 мың га алқап тыңайтылады.


«ҚазАзот» АҚ-мен меморандум түзіліп, 60 мың тонна аммиак селитрасын босату келісілген. Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету үшін облысқа 48,2 мың теңге қаралған. Тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 600,0 млн. теңге бөлінген.