ТҮРКІСТАН: Облыстық мәслихаттың сегізінші сессиясы өтті

0
562

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.


ТҮРКІСТАН: Облыстық мәслихаттың сегізінші сессиясы өтті

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық басқармалар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Атап айтсақ, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы; Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату туралы; Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы; Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасын тағайындау туралы; «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы № 2/15-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар қаралып, дауысқа салынды. Жалпы, сессия жұмысында мәслеихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.


Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сессия жұмысын қорытындылай отырып, мәслихат жұмысына табыс тіледі.


«Бүгінгі сессияның күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Мемлекеттен бөлінген әрбір қаржы тиімді әрі нәтижелі жұмсалуы тиіс. Яғни, мақсатына сай халықтың кәдесіне жаратылуы қажет деп санаймын. Осы бағыттағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Жаңадан тағайындалған барлық комисия мүшелеріне лауазымдары құтты әрі берекелі болсын! Сессия барысында қаралған мәселелерге қолдау көрсеткен депутаттарға алғысымды білдіремін. Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Жаңа жылда жақсы жаңалықтар мен қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін», – деді Зұлпыхар Жолдасов.