Түркістан облысы халықаралық фестивалде үздік атанды

0
1 057

Мұнда ұлттық киімдегі аспаздар көпшілікті тәнті етті.


Түркістан облысы халықаралық фестивалде үздік атанды

Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен Орталық Азия елдерінің арасында ұлттық тағамдар фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


14-15 қыркүйек аралығында Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен Орталық Азия елдерінің арасында ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Фирдауси аудандық Ұлттық Паркінде өткен фестивальге Қазақстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысты. Еліміздің атынан қазақтың ұлттық тағамдарын Түркістан облысы ұсынып, жеңімпаз атанды. Жасалу жолы, алуан түрлілігі, дәмі және ұйымдастыруы бойынша Орталық Азия елдерінен үздік деп танылған түркістандық делегация Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Курбон Хакимзоданың Алғыс хатымен марапатталды.


Тәжікстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған халықаралық шараның мақсаты – ұлттық тағам мен ұлттық салт-дәстүрдің мәдениетін жоғары деңгейге көтеру және насихаттау, бауырлас Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығын нығайту.


Мұнда ұлттық киімдегі аспаздар көпшілікті тәнті етті. Дәнді дақылдардан Орта Азия елдерінің тулары арнайы әзірленген. Сондай-ақ фестиваль аясында Тәжікстанда өсірілген жеміс-жидек пен көкөністерге арналған ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылған. Тәжікстанның қалалары мен аудандарынан диқандар шақырылып, олар өздерінің ауылшаруашылық өнімдерін, жергілікті қолөнер бұйымдарын ұсынды.