Түркістан облысында 2 адам жоғалып кетті

0
180

Бұл туралы өтініш туыстарынан 2024 жылдың 7 ақпанында түскен.


Түркістан облысында 2 адам жоғалып кетті

Түркістан облысында жоғалып кеткен 2 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2024 жылдың 8 ақпанындағы жағдай бойынша Түркістан облысында жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда.


Туыстарының айтуынша жоғалған екі азамат Түлкібас ауданы, Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, қайтар бағытта ауа-райының нашарлауына байланысты адасып кеткен. Бұл туралы өтініш туыстарынан 2024 жылдың 7 ақпанында түскен.


Іздестіруге ТЖ департаментінен 30 адамнан тұратын жеке құрам, 4 техника мен 2 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) және жергілікті 18 тұрғын жұмылдырылған.