Түркістан облысында 200 мемлекеттік қызметші тәртіп бұзған

0
464

155 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұл салынған.


Түркістан облысында 200 мемлекеттік қызметші тәртіп бұзған

Түркістан облысында 45 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара көрілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылы Түркістан облысы бойынша 155 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ «Әдеп» кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 45 мемлекеттік қызметкерге заң аясында тәртіптік шара көрілген. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев мәлімдеді.


«Биыл 22-ақпанда мемлекеттік қызметшілерге арналған «Әдеп» кодексінің жаңа редакциясы бекітілді. Мәселен, енді мемлекеттік қызметкерлерге әдеп стандарттары үшін жазалау тек қана қызметтік әдеп нормаларын бұзғанда ғана жүзеге асырылмақ. Жалпы басшыдан бастап барлық қызметкерлер бірдей мемлекеттік қызметшіге теңестіріледі. Жаңа кодексте мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына 6 қағидат енгізілді. Атап айтқанда, адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану», — деді Мақсат Шамансұрұлы.